Бизнестегі тексерулер тағы да қысқартылады

985

 Бизнестегі тексерулер тағы да қысқартылады

Кәсіпкерлікте қажетсіз деп табылған тексерулердің саны тағы да арта түсті. Енді оларды қысқартып, қолданыстан алып тастау көзделуде. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша тиімділігі болмауына байланысты барлығы 114 бизнесті бақылаудан 24 тексеруді, 18 қадағалау саласынан 3 жүйе қысқартылмақ. Ал жалпы кәсіпкерліктегі 30 мың 497 тексерудің 17 мың 654 талабы, яғни 50 пайызы күшін жоймақ. Оның ішінде санитарлық талаптардың 85, өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптардың 72 пайызы қысқартылмақ. Министрдің айтуынша барлық тексерулердің атауы әр түрлі болғанымен, мағынасы бір. Сондықтан елдегі бизнестің тынысы кеңею үшін осылай істеу тиімді, - дейді.

Тимур Сүлейменов, ҚР ұлттық экономика министрі:

"Ауқымды заңнама дайындалуда. Түрлі актілер мен бірнеше кодекстерге өзгертулер енеді. Сондай-ақ, аймақтардағы кәсіпкерлікті дамыту үшін рейтинг жүргізілетін болады. Өңірлер мен қалалардағы бизнес-орта 5 фактор бойынша анықталады. Реттуші климат, бизнеске қаржының қол жетімділігі, адами капитал, инфрақұрылым және қабылданатын шешімдердің ашықтығы".

Ал "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше кәсіпкерліктегі кедергілердің біразы оңтайлы шешімін тапқанымен, мәселелер әлі де бар екен. Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтың пайымдауынша жыл басынан бері 183 түрлі проблема тіркелген. Оның 56 пайызы шешілсе, 44 пайызы әлі қарастырылуда. Жалпы Ұлттық палатаға осы уақытқа дейін әр түрлі арыздарымен 18 мың 623 кәсіпкер шағымданған.

Рустам Жүрсінов "Атамекен" КҰП басқарма төрағасының орынбасары: "Ең көп көтерілетін мәселерге келсек. Барлық шағымдардың 13 пайызы салық жпйына негізделген. Жер теліміне қол жетімділіктің қиындығы. 10 пайызы сатып-алулар және бизнесмендердің өзара дау-дамайы. Биылғы бірінші жартыжылдықта ғана 1 387 кәсіпкер Ұлттық палатаға түрлі мәселелермен шағымданған. Шағын және орта бизнесті дамытып, кедергілерді жою үшін біз үкіметпен бірігіп заң жүзінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу ең қолайлы тәсіл деп есептейміз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу