БҚО-да 25 жылда 11 спорт кешені ашылды

949

БҚО-да 25 жылда 11 спорт кешені ашылды

Тәуелсіздік жылдарында Батыс Қазақстан облысында 11 спорт кешені іске қосылған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап egemen.kz жазып отыр

Екі жыл бұрын елімізде әзірге баламасы жоқ теннис корты салынды. Қазір мұнда 130 жас спортшы жаттығып жүр. Барлық талаптарға сай келетін нысанда 300 жанкүйер бір мезгілде бірнеше ойынды тамашалай алады. Жуырда жаңа нысанда әйгілі Ярослава Шведова шеберлік сыныбын өткізді.

"Спорт нысандары ең алдымен кейінгі жас буын үшін өте қажет. Осыған дейін іске қосылған ғимараттарда жаттыққан жеткіншектердің алды жеңіс тұғырынан көріне бастады. Жетіп жатқан жетістіктер соның жарқын дәлелі", — дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тимур Шаяхметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу