БҚО-да "Арқанды саябақ" бар

1564

Онда қала тұрғындары мен қонақтары үшін барлығы тегін.

БҚО-да "Арқанды саябақ" бар

Орал қаласында "Арқанды саябақ" атты орталық ашылды. Қала күніне орай ашылған ерекше саябақ Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің қаражатына жасалыпты. Ол Шаған өзенінің Жайыққа қосылар тұсындағы әсем мүйісте орналасқан. 

Саябаққа келіп демалу, аспалы атракциондарды пайдалану – тегін. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Артур Шерғалиевтің айтуынша, орталықтың пайдалануға берілуі – өлке туризмін дамыту бағытында жасалған игі қадамның бірі деп қарастыруға болады. 

"Арқанды саябақтың" аумағы 7 га жерді алып жатыр. Бұл жерде балалар сабақтан бос кездерінде түрлі сайыстар өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, оны жыл он екі ай бойына тұрғындардың игілігіне жарату, мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру да ойда бар. Саябақ жұмысы жолға қойылып кетсе, алдағы қыс онда шаңғы туризмі жанданатын болады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу