БҚО-да бойжеткенді екі жылға соттады

844

Ол нәрестесін пакетке салып, дәретханаға лақтырған.

БҚО-да бойжеткенді екі жылға соттады

БҚО-да Қазталов аудандық №2 соты былтыр 23 қараша күні жана туған нәрестесін пакетке салып, дәретханаға лақтырған қызға сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК 100-бабы бойынша қылмысты деп табылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Бойжеткеннің жасы – 19-да. Оқиға Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болады. Колледжде оқитын қыз аяғы ауыр болып қалады да, шамамен 8-8,5 айлық кезінде босанған сәбиінен қайткенде де құтылуды көздейді. Жүргізілген сот-медициналық сараптама баланың өлімі механикалық асфиксиядан болған деп қорытындылады. Басқаша айтқанда, тірі туған сәби тұншығып қалған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу