БҚО-да "мал атқыштар" ұсталды

1061

Батыс Қазақстан облысында барымташылардың "аңшылық кәсібі" тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

БҚО-да "мал атқыштар" ұсталды

Полиция қызметкерлері БҚО-ның Ресеймен шектесетін аудандарында және Атырау облысыда мал ұрлығымен айналысып жүрген қылмыстық топты ұстады. Бұл топтың мал ұрлау "әдістері" де ерекше болған. Олар бақташысыз жайылып жүрген малдарды атып, сол арада сойып, ішек-қарнын, терісін, басын қалдырып кетеді екен.

Осындай қылмыстар туралы шағымдар полицияға былтырғы жылдың соңында келіп түскен. Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ ұрланған етті өткізу арналары да назарда.

Айта кетейік, облыс бойынша мал ұрлығы азайғаны байқалады. Былтырғы жылы бұл санаттағы қылмыс саны 16 %-ға азайды. 170 мал ұрысы ұсталып, 27 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу