БҚО-да Жайық өзенінің жағалауы бекітілмек

1188

Орал қаласының тұрғындары Жайық өзенінің жағасындағы талдарды кесуге қарсылық білдіруде. Олардың орнына бетон қоршаулар орнатылмақ, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

БҚО-да Жайық өзенінің жағалауы бекітілмек

Бұл жұмысты БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының тапсырысымен "Эко-Service" ЖШС жүзеге асырмақ. Жұмыс 2021 жылғы наурыз айында басталып, 2022 жылғы маусымда аяқталуға тиіс. Жоба 2017 жылы Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде әзірленіп, 2019 жылы бекітілген. Жобаның жалпы құны 750 млн теңгені құрайды, оның ішінде, 470 метр жерді бірінші кезекте қоршауға 326 млн.теңге, екінші кезектегі жұмыстарға 423 млн теңге бөлінбек.

Белгілі болғандай, қазірдің өзінде мыңға тарта ағаш кесілген, олардың тұрғындардың қажетіне жарамайтын тамырлары қоқыс полигонына тасылады. 

Басқарма жағалауды нығайту шарасының қолға алынғанын үйлердің жағаға тым жақындап кетуі себепті қауіптің орын алып тұрғанымен түсіндіруде. Атап айтқанда, ҚР су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының болжамы бойынша, бірнеше жылдан кейін Жайықтың тайыздану кезеңі аяқталып, оның орнына мол су келмек. Алайда тұрғындардың өзі мұндай болжаммен келісіп отырған жоқ. Олар өзеннің тасыған жағдайда да  бұрынғы деңгейіне толатынына күмәнмен қарайды, оның үстіне, кейін ол ағысын да өзгерткен.

"Жағалаудың шетінен тұрғын үйлерге дейінгі аралық 3-5 метр ғана құрап тұр. Егер біз қазір жағаны бекітпесек, ертең су келіп жатса, ол үйлерде тұратындар қайтадан бізді кінәлаған болар еді. Бұл үйлер қауіпті жағдайда тұр, себебі, жағалаудағы топырақ тез үгілетін борпылдақ болып келеді, су шайған кезде бірден бұзылады", - дейді басқарма басшысы Марат Машекенов.

Жағалауды бекітуге байланысты қоғамдық тыңдау 2017 жылдың 14 тамызы күні өтті деп есептеледі. Соған байланысты, мұрағат құжаттарын ақтарған "Орал апталығы" газетінің тілшісі оның өтетіні жөнінде сол жылғы 25 шілдеде "Приуралье" газетінің № 89 нөмірінде хабарландыру берілгенін, ал жиналысқа, хаттамаларға сәйкес, Преснякова С. П. және Бауединова Г. К. деген бар-жоғы екі қала тұрғыны қатысып, жобаға келісім бергенін анықтаған. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу