Батыс Қазақстан облысында жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 қазан күні сағат 18.20-да Теректі ауданы Барбастау ауылына қарай жолда "Октан" жанар-жағармай стансасы маңында болған.
"Самара-Шымкент жолының 271-шақырымында "ВАЗ" жеңіл көлігі "Рено" жүк көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан "ВАЗ" автокөлігінің 1995 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіледі. Бірқатар сараптама тағайындалады", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу