Блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның жазасы жеңілдемейтін болды

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.   

Блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның жазасы жеңілдемейтін болды

Сот алқасы бірінші сатыдағы үкімді заңды әрі негізді деп тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі өткен сот отырысында заңгердің қорғаушылары мен жақындарының жазаны жеңілдету туралы берген апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Осыған дейін Әділетхан Молдахан ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігі ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. 

Заңгер әрі блогерге 5 жылға әлеуметтік желіде жазба жариялауға, қоғамдық белсенді іс-шараларға қатысуға тыйым салынған-ды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу