Алматының Алмалы аудандық сотында блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты іске нүкте қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Судья оны 2 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін "Енді Әділетхан Молдахан 3 емес, 5 жылға сотталуы мүмкін" деген тақырыпта да материал жариялаған едік.
Аталған қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер Алматы полициясында жұмыс істеген, басшылық қызметте болған – Ержан Ұзабаев пен Серік Шұмаев. Олар Әл-Фараби даңғылы бойындағы жол апатынан соң жұмыссыз қалды. Моралдық өтемақы ретінде жәбірленушілерге 2 миллион теңгеден және 1 миллион теңгеден сот шығындарына өтеу міндеттеліп отыр.
Жаза кеткен жөн, сол резонансты оқиғаны заңгер әлеуметтік желіде қатаң сынаған еді.
Сондай-ақ, Молдаханға 5 жылға әлеуметтік желіде жазба жариялауға, қоғамдық белсенді іс-шараларға қатысуға тыйым салынды.
Бұған дейін заңгердің барлық шығыны 35 миллион теңгеге жетуі мүмкін екенін жаздық.