Boeing Co. шілдеде бірде-бір тапсырыс алмады

571

Бар болғаны 4 лайнер құрастырған.

Boeing Co. шілдеде бірде-бір тапсырыс алмады

Сонымен қатар әуе компаниясының клиенттері өткен айда 737 MAX ұшағына жасаған 43 тапсырысын кейінге қалдырды. Маусымда компания 10, шілдеде  4 ұшақ жасап шығарды. 

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, бұған коронавирус пандемиясы кесірінен орын алған логистикалық мәселелер себеп болып отыр. Оның үстіне әуе компаниялары жаңа ұшақ сатып алуды соңғы айларда азайтқан. Өйткені әуе тасымалына деген сұраныс күрт кеміп кетті. 

Boeing компаниясының қордағы дайын ұшақтарының саны өсуде. Өндіріс тоқтай қойған жоқ. Бұл фактор әуе концернінің қаржы жағдайына кері әсерін тигізуде. 
Пандемия уақытында ұшақ өндірушілер өндірісті күрт қысқартты. Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясының дерегінше, биыл әуе трафигі былтырғымен салыстырғанда 60%-ға кем болады, төрт жылдан кейін ғана 2019 жылдағы көрсеткіштерге жетеді. 

Ескере кететін жайт, Boeing акциялары сейсенбі күнгі саудада 3,2%-ға өсті. Жыл басынан бері олардың құны 43%-ға арзандаған болатын.

Табиғат Нұрболат
Фото: delo.ua

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу