Болашақ студенттерге арналған бірыңғай білім шоты пайда болады

684

2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны 10 пайызға көбейеді. Бұл "тестілеуден сүрінбеген 100 мыңнан астам абитуриент тегін жоғарғы білім ала алады" деген сөз. 

Болашақ студенттерге арналған бірыңғай білім шоты пайда болады

Бірақ алдағы екі жыл ішінде студенттер саны 1 миллионға жетеді деген болжамды ескерсек, грант санын бұлайша көбейту теңізге тамшы  құйғанмен тең. Сондықтан Ғылым және жоғары білім министрлігі "Келешек" бірыңғай білім шотын ашуды жоспарлауда. Ата-аналар баласы мектеп табалдырыған аттаған уақыттан бастап шотқа ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем салып отырады. Грантқа ілікпеген жағдайда, талапкер жиналған қаржыға оқи алады. 

"Барған сайын жоғары білімнің қолжетімділігі төмендеп барады. Грант санын өсіру мәселені шешпейді. Сондықтан ел азаматтары өз үлесін қоса алатындай бірыңғай жинақ жүйесін жасамақпыз. Ата-ана ерікті түрде баласының шотына төлем аударып отырады, жалақысынан ұсталуы мүмкін. Ал мемлекеттен сыйақы бөлінеді. Қазір қажетті есептеулерді жүргізіп, Үкіметке ұсынбақпыз. Мақұлданса алдағы 18 жыл бойына мемлекеттік бюджеттен 15 триллион теңгені үнемдеп қаламыз", дейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Биылдан бастап сараланған білім гранттары беріле бастайды

Бұл жоғары білімді қолжетімді етуге байланысты қабылданғалы жатқан жалғыз шешім емес. Күз айларынан бері талқыға түскен сараланған білім беру гранттары биылдан бастап беріледі. Осы мақсатта министрлік грант бөлу механизмін қайта қарастырып жатқанын жеткізді. Алғашқысы "Дарын" гранты талантты талапкерлерге арналады. Оны иеленгендерге төленетін шәкіртақы жоғары болады. Екіншісі кәзіргі қолданыстағы түрі. Ал "Қамқор" арқылы тегін оқитындар мектеп бітірушілердің 30 пайызына бөлінеді деген жоспар бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу