Энергетика министрлігі бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын талқылауға ұсынды, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы №361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйрық жобасы жария талқылау үшін ұсынылды.
Бұйрық жобасына сәйкес, 1 тармақ 1-1 тармақшасымен толықты.
"1-1. Осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын бақылауды іске асыру мақсатында бірыңғай сақтандыру дерекқорынан мәліметтер пайдаланылады", – деп айтылған құжатта.
Негіздемесі ретінде "жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің бар-жоғын тексеруді (растауды) қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай сақтандыру дерекқорына қол жеткізу үшін "мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі" және "бірыңғай сақтандыру дерекқоры" ақпараттық жүйелерін интеграциялауды жүргізу қажеттігі" көрсетілген.
Құжат министрліктің ресми сайтында және "Ашық НҚА" интернет-порталында жарияланды.
Қоғамдық талқылау мерзімі 7 қыркүйекке дейін деп жазылған.
Айта кетейік, осыған дейін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалардың белгіленгенін жазған болатынбыз.
Энергетика министрлігі, бұйрық жобасы, талқылау