Браконьерлерге қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылады

1396

"Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет", – деп тапсырған еді Президент.   

Браконьерлерге қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылады

Браконьерліктің жолын кесу үшін Президент тапсырмасына сәйкес қылмыстық заңнама күшейтілетін болады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Atameken Business.

"Бұл қайғылы оқиғадан соң, Президент тапсырмасына сәйкес қылмыстық заңнама күшейтіледі. Министрлік браконьерлермен күресу үшін, заң жүзінде нақты қадамдарды қолға алады. Мұндай орны толмас қайғылы оқиғалар қайталанбауы қажет. Бір айдың ішінде "Охотзоопром" мекемесінің инспекторлары браконьерлермен күресу бойынша теориялық және практикалық арнайы оқудан өтетін болады",– деп жазды Мағзұм Мырзағалиев Twitter-де.

Айта кетсек, кеше браконьерлерді қуған екі инспектор жараланып, оның бірі көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу