Бразилияда наразылық білдірген 1500 адам ұсталды

522

Бразилия астанасында экс-президент Жаир Болсонарудың жақтастарының құрған шатырлары алынып, 1500-ге жуық адам федералды полиция бөліміне жеткізілді.  

Бразилияда наразылық білдірген 1500 адам ұсталды Фото: Matheus Alves

Биліктің басты мақсаты - әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасаушыларды анықтау, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

8 қаңтарда мыңдаған наразылық білдірушілер Жоғарғы сотты, Ұлттық Конгрес пен Планалту сарайын - Лула да Силваның жұмысшы резиденциясын басып алуға тырысты.

Дәл осы жерде ғимаратты демонстранттардан тазартқаннан кейін жақында сайланған президент штат губернаторларымен кездесу өткізді, онда ол елдің қауіпсіздік күштерін наразылық білдірушілерге қарсы тұра алмады, кей жерде тіпті көмектесті деп айыптады.

Дүйсенбіде мыңдаған адамдар жексенбілік тәртіпсіздіктерді талқылау үшін елдің негізгі қалаларына жиналды. Олар тәртіпсіздіктерге қатысушыларды, бұрынғы президент Жаир Болсонаруды жазалауды талап етті, себебі ол халықты зорлық-зомбылық жасауға шақырды, көтеріліске себепкер деп танылды.

Жаир Болсонару өзінің жақтастарының әрекеттерін айыптап, тонау мен қоғамдық ғимараттарға кіруді "белгіленген тәртіпті бұзу" деп атады.

Бұрынғы президенттің жағдайы нашарлап, қазір ол Флоридадағы ауруханалардың бірінде жатқанын еске саламыз.

Журналистердің пікірінше, экс-президенттің денсаулығының нашарлауы 2018 жылы бәз біреудің пышақтағанынан туындаған жарақатпен байланысты болуы мүмкін.

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонарудың жақтастары 8 қаңтар күні полициямен қақтығысқа түсіп, ел астанасындағы Ұлттық конгресс (парламент) ғимаратына кіргенін хабарлаған болатынбыз. 

Ал, демалыс күні қаңырап тұрған әкімшілік ғимаратындағы санаулы күзетші қазан айындағы президенттік сайлаудың нәтижелерін мойындаудан бас тартқан наразылық білдірушілерге қарсы тұра алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу