Бразилияның экс-президенті 17 жылға сотталды

745

Оған жемқорлықпен айналысты және қаражат жымқырды деген айып тағылды. 

Бразилияның экс-президенті 17 жылға сотталды

Бразилия соты елдің бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силваның жемқорлық және қаражат жылыстату туралы ісі бойынша жазған апелляциясын қабылдамай, оны бас бостандығынан айыру мерзімін 17 жыл 1 айға ұзартты. 

Қылмыстық іс Сан-Паулу штатында орналасқан Атибай елдімекеніндегі үй мен жер учаскесіне байланысты қозғалған еді. Құқық қорғау органдарының дерегі бойынша, негізі, бұл жылжымайтын мүліктің иесі - Лула да Силва. Бірақ ол жылжымайтын мүлікті ресми түрде өзінің айналасындағы адамның атына тіркеп қойған көрінеді.Тергеушілердің айтуынша, экс-президент Атибайдағы үйді заңсыз қаражатқа сатып алған немесе әлдебір жеке компания оған пара ретінде берген.

Лула да Силва – жемқорлық ісі бойынша түрмеге қамалған Бразилиядағы алғашқы президент. Сәуір айында Жоғарғы сот оны бас бостандығынан айыру мерзімін 13 жылдан 8 жыл 10 айға дейін қысқартқан еді. 

Экс-президент болса, өзіне тағылған барлық айыптарды мойындаудан бас тартып отыр.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу