Британдық компаниялар Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі қызметін кеңейтуде

Ұлыбританияда металдарға сұраныстың артуына байланысты британдық компаниялар Қазақстандағы тау-кен және металлургия саласындағы қызметін кеңейтуде. Бұл туралы Британ Қазақстан қоғамы ұйымдастырған вебинарда айтылды. 

Британдық компаниялар Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі қызметін кеңейтуде Фото: 2023.minexkazakhstan.com

 "Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры мен сирек элементтерді игеруге саяси ерік-жігері жетерлік. Бұл бағытта Қазақстан алдыңғы қатарда", - деді онлайн шараға модератор болған Астанадағы Ұлыбритания елшілігінің бизнес және сауда департаментінің тау-кен ісі жөніндегі аймақтық басшысы Диляра Тектіғұлова.

Іс-шараға 2020 жылы маңызды пайдалы қазбаларды қауіпсіз және тұрақты жеткізу тізбегін қамтамасыз ету үшін құрылған Ұлыбританияда орналасқан Critical Minerals қауымдастығының негізін қалаушы Джэфф Таунсенд қатысты.

Ол Ұлыбританияның Қазақстанмен ынтымақтастығын қолдай отырып, баламалы жеткізу тізбегін құру бағытында көбірек жұмыс істеу керек деп есептейді.

"Британ үкіметі сурьма мен висмут, тантал, теллур, магний және ниобийге сынды қажетті 18 маңызды минералды анықтады. Қазақстан бұл бағытта Ұлыбританияның негізгі серіктестерінің біріне айналады", - деді спикер.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дерегінше, Ұлыбритания анықтаған 18 маңызды пайдалы қазбаның сегізі қазірдің өзінде Қазақстанда игерілуде. Ал орта мерзімді перспективада кобальт, литий, қалайы, сондай-ақ вольфрамды өңдеу бойынша жобаны іске қосу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу