Брюссель сауда орталығында белгісіз біреу адамдарды кепілдікке алды

1211

Брюссель сауда орталығында белгісіз біреу адамдарды кепілдікке алды

Брюссельдің Форе коммунасында суық қаруы бар белгісіз біреу Карфур (Carrefour) сауда орталығына келушілерге шабуыл жасап, 15 адамды кепілге алды. Оқиға орнына жедел жеткен арнайы жасақ өкілдері қаскөймен бір сағаттай келіссөз жүргізгеннен кейін ол өз еркімен тәртіп сақшыларына берілген. Оқиғадан ешкім жапа шеккен жоқ. Пышақпен көпшіліктің үрейін ұшырған жігіт Бельгия азаматы болса керек. Әзірге оның бұл қадамға неліктен барғаны белгісіз.

"Адамдар кепілдікке алынған сауда орталығына келген арнайы жасақ бірден қылмыскермен байланысқа шықты. Келіссөз нәтижелі болды. Бір сағаттан кейін ол өз еркімен берілді. Ал кепілдегі адамдар дін-аман босатылды. Қылмыстың терроризммен ешқандай қатысы жоқ. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Өкініштісі, мұндай шатақ шаһарымызда жиілеп кетті", – Форе коммунасының басшысы Марк-Жан Гисселс.

24.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу