Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз

1161

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз

Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Жел солтүстік-батыстан, республиканың шығысында солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 18-23, бірқатар аймақтарда 30 метрден асады. Кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде 10 градус жылы болады. 5-6 қараша күндері ауа температурасы түнде 3-8 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 11 градус аяз болады.

4 қарашада түнде және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Түнде және күндіз солтүстік-батыстан секундына 23-28 метр жел соғады. Кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу