Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн алабұлтты болады

1296

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн алабұлтты болады

Бейсенбі, 3 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде  жауын-шашын болады, тек батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с-ты құрайды. Солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстікте кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды egemen.kz "Қазгидрометке"  сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде — тұман, 15-20 м/с екпінмен соққан жел 23 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-тан 23 м/с-қа артады.

Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан  облысының кей аумақтарында жаяу бұрқасын жүріп, желдің жылдамдығы 15-25 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу