Бүгін – Халықаралық әйелдер күні

3195

Қазақстанда бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі тойланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Бүгін – Халықаралық әйелдер күні

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 1975 жылды – Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, 8 наурызды ресми түрде мереке етіп бекіткен.

Қазіргі таңда ол әлемнің 20-дан аса елінде ресми мерекелердің тізімінде

ТМД елдерінде Халықаралық әйелдер күні көктем мен махаббат мерекесі ретінде аталып өтеді. Қазақстанда 8 наурыз демалыс күні болып саналады.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 18 миллион 877 мыңнан аса адам тұрады (Ұлттық статистика бюросы). Оның 9 миллион 718 мыңы – әйелдер (51,5%), ал 9 миллион 159 мыңы – ерлер (48,5%).

2020 жылдың төртінші тоқсанында елімізде 4,2 миллион әйел жұмыс істеген.

Жұмыс істеп жүрген әйелдердің 47,3%-ы – жоғары білімді.

Қазақстандық әйелдердің басым бөлігі сауда және көлік жөндеу (822,7 мың адам), білім беру (796,4 мың адам) және ауыл, орман және балық шаруашылығы (502,4 мың, жылына плюс 0,3%) салаларында еңбек етіп жүр.

Олардың басым бөлігі Алматы қаласы (504,9 мың адам) мен Түркістан (350,3 мың адам) және Алматы (455,7 мың адам) облыстарында тұрады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, елімізде 7 мыңнан аса әйел әскери қызметкер болып саналады. Олардың 913-і офицер, 20-сы полковник шешін алған. Әскери қызметтегі 4 әйел штабтық офицер мен әскери бақылаушы ретінде Батыс Сахарадағы және Ливандағы БҰҰ-ның миссияларына қатысқан.

Сонымен қатар шамамен 5 мың әйел қорғаныс министрлігінде (азаматтық персонал ретінде) жұмыс істейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу