Бүгіннен бастап "жасыл" деңгейдегі эпидемияологиялық жағдайы тұрақты қалаларда кинотеатрлар қайта ашылады, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл жеңілдік ведомствааралық комиссияның 19 қазанда қабылдаған шешімі негізінде жүргізіледі. Осылайша карантин басталғалы жабық тұрған бұл кәсіп алғаш рет жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр. Алайда келушілер бетперде тағып, өзара арақашықтық қатаң сақтауы тиіс. Бір сеансқа көрермендердің тек 30 пайызы кіре алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу