БҰҰ Қырғызстандағы ахуалды бақылап отыр

603

Ұйым қазіргі ахуалды бейбіт жолмен тұрақтандыруға бағытталған барлық әрекеттерді қолдауға әзір екенін білдірді.  

БҰҰ Қырғызстандағы ахуалды бақылап отыр

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериш Қырғызстандағы ахуалды жіті бақылап отыр. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлім етті.

"Ереуілдер барысында 1 адам қаза тауып, жүздегені жарақат алғаны жарияланды. Бас хатшы осы орайда көңіл айтып, наразы топты сабырлыққа және жағдайды ушықтырмауға үндеді. Сонымен қатар ол барлық тараптарға диалог жүргізуге, Конституция аясында келісімге келуді ұсынды.БҰҰ қазіргі ахуалды бейбіт жолмен тұрақтандыруға бағытталған барлық әрекеттерді қолдауға әзір", – деді Дюжаррик. 

Еске сала кетсек, көршілес елдегі тәртіпсіздіктер 5 қазанда басталған еді.

Ереуілшілер парламенттік сайлаудың қорытындысына наразылығын білдіру үшін митингке шықты. Салдарынан Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесінің күшін жоюға мәжбүр болды

24.kg басылымының дерегінше, қазір ауруханаларда ереуіл кезінде зардап шеккен 768 адам ем қабылдап жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу