2016 жылы, жергілікті атқарушы органдар тарапы, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін (әрі қарай - ШЖК) тарту мақсатында 36 мың 792 рет рұқсат берген, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Олардың ішінде бірінші санатқа жататыны 2 мың 76 болса (басшылар мен олардың орынбасарлары), екінші санатқа 7 мың 43 тиесілі болып отыр (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). ШЖК тартуға рұқсаттың негізгі бөлігі үшінші (мамандар, 16 мың 811 адам) және төртінші (біліктілікке ие жұмысшылар, 8 мың 542 адам) санаттар бойынша жасалған.
Өткен жылы, шетелдік жұмыс күшін шақырған 3 мың 768 жұмыс берушіде, 470 мың 398 қазақстандық азамат жұмыс істеп, бұл еңбеккерлердің жалпы санының 94 пайызын құраған.
Еңбек мигранттары келген елдердің ішінде ең алдымен Қытай (12 мың 699 адам), Түркия (3 мың 502 адам), Өзбекстан (1 мың 564 адам), Ұлыбритания (1 мың 474 адам) және Үндістан (1 мың 388 адам) мемлекеттері көзге түседі.
Осы орайда атап өтерлігі, 2016 жылы, ШЖК тартқан жұмыс берушілерде Қазақстан азаматтарына 16 мың 259 жұмыс орны құрылып, кәсіби дайындық пен қайта даярлықтан 1 мың 340 қазақстандық азамат өткен. Сонымен қатар, 5 мың 427 жергілікті жұмысшы мен 11 шетелдік маманның орнын қазақстандық кадрлар басқан.
Еске салсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Бұған сәйкес, жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылып, жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды.
Аталған шарттардан босаған жұмыс берушілер, енді салық алымдарын төлеуі тиіс. Салық көлемі, шетелдік жұмыс күшінің санаты мен сала сипатына қарай, 137-250 АЕК арасында белгіленбек, яғни 290 бен 530 мың теңге шегінде.
Дегенмен, жұмыс берушілерге, кадрлардағы жергілікті құрамға байланысты қағидаларды сақтау талабы солай қала береді: басшылар мен олардың орынбасарларында кем дегенде 70%, мамандар мен біліктілікке ие жұмысшыларда кем дегенде 90%.