Бюджет тапшылығы триллион теңгеге таямақ

1479

Басшысыз қалған қаржы министрлігі ұжымы өз бетінше "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет" жобасын парламентке енгізді.

Бюджет тапшылығы триллион теңгеге таямақ

Бес президенттік бастаманы іске асыруға мемлекет 102,5 млрд теңге жұмсайтын болады, деп хабарлайды abctv порталы.

Бұл туралы бүгін қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті.

Басшысыз қалған қаржы министрлігі ұжымы өз бетінше "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет" жобасын парламентке енгізді.

Құжат 2019-2023 жылдарға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген және бюджеттің мұнайдан тәуелділігін төмендету бойынша үдемелі саясатты іске асыруды қамтиды.

Ұсынылған бюджет жобасына сәйкес, алдағы үш жылда ел қазынасының сипаты келесідей болады:

Республикалық бюджет түсімдері 2019 жылы – 9 751,3 млрд теңгені, 2020 жылы – 10 083,1 млрд теңгені, 2021 жылы – 10 491,2 млрд теңгені құрайды.

Шығыс бөлігінде одан 2019 жылы – 10 696,7 млрд теңге, 2020 жылы – 11 080,8 млрд теңге, 2021 жылы – 11 427,9 млрд теңге қаржы жұмсалады.

Осы аралықта ел бюджеті профицитті емес, қалпымен дефицитті болады. Нақтырақ тоқталсақ, тапшылық 2019 жылы – 945,4 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге шаққанда 1,5% көлемінде болса, 2020 жылы ол 997,7 млрд теңгеге дейін өседі, бірақ ЖІӨ-ге қатысты 1,4%-ды ғана құрайды. Ал 2021 жылы бюджет тапшылығы 936,7 млрд теңгеге немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,3%-ға дейі төмендейді.

Республикалық бюджет шығыстарын келесідей бөлу ұсынылады. Әлеуметтік сала шығыстары 2019 жылы 463 млрд теңгеге ұлғая отырып, 4 триллион 717,3 млрд теңге көлемінде жоспарланды. 2020 жылы бюджеттің әлеуметтік шығыстары 5 триллион 176,5 млрд теңге, 2021 жылы – 5 517,8 млрд теңге межесіне дейін жетеді.

Экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2019 жылы 1 триллион 608,8 млрд теңге қарастырылды. Бұл биылғыдан 70,2 млрд теңгеге көп. 2020 жылы осы бағытқа 1 трлн 262,6 млрд теңге, 2021 жылы – 1 трлн 121,1 млрд теңге арна тартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу