Бюджеттен бөлінген қаржы игерілмеуде

1094

Бюджеттен бөлінген қаржы игерілмеуде

Квазимемлекеттік секторға ел қазынасынан бөлінген қаржының 113 млрд теңгесі игерілмей қалған. Мұны Есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. Жалпы, бұл ел бюджетін тиімсіз пайдаланған жалғыз сала емес. Айта кетсек, "ҚазАгро" Ұлттық Басқарушы холдингке бөлінген 52 млрд теңгенің 20 пайызы ғана игеріліп, 80 пайызы, яғни 40 млрд-тан астам қаржы өз қорында қалған. Аталмыш мәселені Парламент Мәжілісінің төрағасы мен депутаттар қатаң сынға алды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

"Квазимемлекеттік сектор субъектілері қорларында қомақты қаржы бола тұрса да, тағы да млрд-тап ақша сұрайды. 115 млрд-қа жуық қаржы игерілмей қалды дейсіздер. Ал биыл 300 млрд теңге тағы да бөлінді. Бөлінгенді тиімді пайдаланбай, игермей жыл соңына қарай бейберекет жұмсай бастайсыздар. Млрд-тап ақша сұрағанша қаржы қажетті әрі тиімді пайданаоуды неге үйренбейсіздер?"

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

"Құрметті жауапты қызметкерлер. Әсіресе атқарушы биліктің білімді азаматтары. Барлықтарыңызда білім де жетеді. Қабілет те жетеді. Бірақ ұлттық сана жетпей жатыр. Үкімет, күнделікті біздің әкімшіліктің бағдарламаларының орындалуын қадағалап соны ұйымдастыру керек. Өзгерту керек жұмыстың тәсілін, жұмыстың әдісін."

Осы тұста ел қазынасын тиімді пайдаланудың жолын Ұлттық Экономика министрі Тимур Сүлейменов ұсынды. Оның пайымдауынша, бюджетті жоспарлауды 3 жылдықтан бұрынғыша 1 жылдыққа ауыстыру керек. Себебі бөлінген қаржының жөнімен игерілмеуі жоспарлау мерзімінің ұзақтығынан дейді минстр.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық Экономика министрі:

"Қыркүйекте заң жобасын Парламентке ұсынамыз. Бір жылдық бюджеттің тиімділігі оны жылдам игеруге болады. Мысалға алсақ, көптеген мемлекеттік деңгейдегі немесе мемлекеттік органдар мен жеке меншік субъектілер арасындағы келісім шарттардың көбі қысқа мерзімге, яғни 1 жылға жасалады., бөлуге ыңғайлы"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу