Чехиядағы ең бай адам саналатын миллиардер Петр Келнер тікұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы The Washington Post басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Аляскада болған. Келнерден бөлек тағы төрт адам ажал құшып, бір адам аман қалған. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер "ауыр, бірақ бірқалыпты" деп бағалап отыр.
Олардың апатқа ұшырағаны туралы 29 наурыз күні таңертең белгілі болды. Оқиға орнына тез арада құтқарушылар жөнелтілген болатын.
Опат болғандар – колорадолық Грегори Хармс, алабамалық Шон МакМанами, чехиялық Бенджамин Ларошэ және тікұшақ тізгініндегі Захари Рассел.
Ресми дерек бойынша, кәсіпкердің байлығы 17,5 миллиард доллар көлемінде. Ол Еуропаның, сондай-ақ әлемнің ең бай адамдарының тізіміне енгізілген болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: Globallookpress.com