Қазақстан сүт одағының мәліметі бойынша, сүттің 33% стихиялық сауда жағдайында сәйкестік сертификатынсыз, антибиотиктер мен бактерияларға тексерусіз сатылады. Ал цифрлық таңбалауды енгізу тұтынушыны мерзімі өткен тауардан қорғауға мүмкіндік береді.
Бүгінде елімізде сүт өнімдерін цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр.
"Қазір сүт өнімдерін өндірушілер тарапынан таңбалауға байланысты қауіп бар. Бұл түсінікті. Сондықтан біз нарыққа алдын ала талдау жүргіземіз, пилоттық жоба басталар алдында өнімді таңбалауға кететін бизнестің шығындарын есептедік. Мәселен, таңбалауға байланысты сүт өнімдерінің қымбаттауы 1,76% аспайды", - дейді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры.
Оның айтуынша, 1 желіге арналған жабдыққа жұмсалатын шығын 0,5 млн теңгеден 9,2 млн теңгеге дейін болады.
"Өнімнің түпкілікті бағасындағы жабдық шығындарының үлесі әдетте 0,06%-дан 0,15%-ға дейін. Соңғы 5 жылда таңбалаусыз сүт өнімдері құнының орташа жылдық өсу қарқыны 6%-дан 13%-ға дейін болды. Бұл тұрақты өсу үрдісін айқындайды, ал тауарларды таңбалау мен қадағалауды енгізу сүт өнімдерінің түпкілікті құнына айтарлықтай әсер етпейді", - дейді Нұржан Баекеев.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан сүт өнімдерін өндірушілер үшін таңбалау жабдығына жұмсалатын шығындарды 50%-дан 80%-ға дейін өтемақы беру көзделеді.
"Цифрлық таңбалаудың арқасында талдау және жоспарлау мүмкіндігі пайда болады, дистрибьюторлар сөрелердің толып кету қаупін тудырмай, оларды уақытында толтыра алады. Алдағы уақытта өндірістік ақаулардың төмендеуі және тез бұзылатын тауарлардың қайтарылады. Бұл бастамалардың барлығы өндірістік шығындарды және өндірушілердің шығындарының қысқаруына әкелуі тиіс", - деді орталықтың басқарушы директоры.