Cолтүстік Қазақстанда жол апатынан үш адам мерт болды

180

Тағы бір 1996 жылғы жолаушы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Cолтүстік Қазақстанда жол апатынан үш адам мерт болды Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, үш адам мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік апаты бүгін Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан 3 км жерде болған. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Астана – Петропавл" автожолында Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан "Беларус" тракторының тіркемесіне соғылған.

Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 1996 жылғы жолаушы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Трактордың 35 жастағы жүргізушісі зардап шекпеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үш адамның қазасына алып келген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу