"COVID-19 қарсы вакцина АИТВ және безгек тудырады"

866

Telegram арналарда пайдаланушылар COVID-19 қарсы вакцинаның "құрамы" туралы хабарламамен бөлісуде. Хабарламаға сәйкес, вакцинаның құрамында АИТВ және безгек қоздырғыштарының "ДНҚ тізбегі" және бірқатар зиянды заттар бар. Бірақ бұл "жиынтық" қай вакцинадан табылғаны белгісіз.

 "COVID-19 қарсы вакцина АИТВ және безгек тудырады"

Хабарламада Мәскеу туралы айтылған және Ресей Федерациясының астанасында күніне шамамен 30 мың адам коронавирусқа қарсы егіледі екен. Stopfake.kz ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

"Бұл олай емес. Біріншіден, бұл ауруға қарсы жаппай вакцинациялау 5 желтоқсанда ғана басталды. 10 күні екпе жасатқысы келетіндердің жалпы саны 20 мың адамды құрады. Егер әртүрлі 70 учаскеде қабылдаса, бес күнде алты мыңнан астам адам егілетін еді",– деп уәж келтіреді сайт.

Бұдан әрі мәтінде AstraZeneca компаниясының өнімі болып табылатын және Мәскеуге қатысы жоқ ChAdOx1 N-CoV-19 вакцинасы туралы айтылады.

"Біріншіден, Ресейдің шетелдік препаратты сатып алу жайлы жариялағаны туралы еш жерде хабарланған жоқ. Екіншіден, бұл вакцина әлі сатылымда жоқ. AstraZeneca вакцинасының толық құрамы еш жерде жарияланған жоқ, сондықтан препараттың ингредиенттері туралы барлық хабарламалар шынайы деп санауға болмайды",– деген дәлел келтіреді stopfake.kz.

Бұдан әрі ақпараттың өтірігіне оқырманды сендіре түсу үшін сайт мынадай мәліметтерді келтіреді: "Препараттың Chadox1 аденовирусына негізделгені белгілі, ол ауруды шимпанзеге жұқтыра алады және адам ағзасында дамымайтындай генетикалық модификацияланды. Генетикалық материал Spike (s) гликопротеин деп аталатын SARS-CoV-2 коронавирус ақуыздарын шығару үшін қолданылатын ChAdOx1 конструкциясына қосты. Бұл иммундық жүйеге SARS-CoV-2 вирусына антиденелерді тануға және дамытуға мүмкіндік береді. Бірақ вакцинаның өткен клиникалық сынақтары туралы толық есептер бар. Оларда екпе салдарынан еріктілерде АИТВ, безгек немесе басқа да ауыр аурулар туындады деп жазылмаған. Керісінше, алынған мәліметтер препараттың тиімділігінің жоғары екендігін көрсетеді.

Хабарламада авторларының пайымдауынша, вакцина мақсаты белгісіз ДНҚ-ақуыздарының 157 қосымша тізбегін шығарады. Олар АҚШ-тың 8243718 B2 патентіне сүйенеді. Ондай құжат бар. Оны 2003 жылы Senju Pharmaceutical Co Ltd жапон компаниясының әзірлеушілері ресімдеген. Фирма көзге арналған тамшылар, мұрынға арналған спрейлер және т.б. дәрі-дәрмек шығарады. Senju Pharmaceutical Co Ltd ресми сайтында жапон фармацевтикалық компаниясының AstraZeneca-мен байланысы туралы айтылмаған. AstraZeneca ресми ресурсында жапон өндірушісі де көрсетілмеген.  Олай болса, бұл патенттің британдық компанияның вакцинасымен қандай байланысы бары және ондағы белгісіз мақсаттағы ДНҚ-ның бар екендігін қалай дәлелдейтіні белгісіз".

Хабарламада аталған тағы бір патент – US 2019/038084. Авторлардың айтуынша, ол 5G арқылы адамзатты бақылау технологиясына қатысты. Онда адам денесінің деректерін, ми толқындарын және қозғалыс кезінде шығаратын энергияны анықтап, оны биткоиндерге айналдыру туралы, содан кейін оны интернет –контент және басқа заттар үшін төлем жасауға пайдалануға болады делінген.

"Мұны хабарламада айтылған нанобөлшектер емес, арнайы құрылғыға қосылған сенсорлар жиынтығы жүзеге асырады", – деп терістейді фейкті жоққа шығарушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу