Цукерберг инвесторлармен ауыз жаласты деп айыпталуда

905

Цукерберг инвесторлармен ауыз жаласты деп айыпталуда

Facebook-тың белгісіз акционерлері компанияның директорлар кеңесінің мүшесі Марк Андриссенге әлеуметтік желінің негізін салған Марк Цукербергке көмектескені үшін айып тағылды. Бұл туралы vestifinance.ru-ға сілтеме жасап reactor.inform.kz жазып отыр.

Олардың пікірінше 2016 жылдың басында жаңа класты акциялар шығарылымын талқылау кезінде Андриссен мен Цукерберг комиссияны оң шешім шығаруға көндірген көрінеді.

Сәуірде Facebook дауыс берілмейтін С класының акцияларын енгізу арқылы акцияларды шоғырландыру жоспарын ұсынған болатын. А және В класының қағаздарына қарағанда жаңа типтегі акциялардың қожайындарында дауыс беру құқығы болмайды. Осындай шешім арқылы Цукерберг акцияларының басым бөлігін қайырымдылыққа жұмсап, компанияға ықпалын сақтап қалады деп болжам жасалған болатын.

Бұған қатысты акционерлер: "Цукерберг компаниядағы өз үлесінің көп бөлігін миллиардтаған долларға сатып, өз билігін сақтағысы келеді. С класының акцияларын эмитациялау – оған құны миллиард доллар тұратын құнды қағаздарды сыйлағанмен тең", – дейді.

Іс материалдарына назар аударсақ, талап қоюшылардың пікірінше директорлар кеңесінің мүшесі Марк Андриссен Цукербергке директорлар кеңесінің комитетін жаңа класты қағаздар шығарылымын мақұлдауға көндіруге көмектескен. Бұдан бөлек Андриссен осы комитетке мүше бола тұрып, ішкі ақпараттарды Цукербергпен бөліскен дейді. Олар Андриссенді акционерлерге сатқындық жасады деп айыптауда. Олар өзара байланыста өздеріне ғана түсінікті хабарламалар мен смайлдарды қолданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу