Цунамидің алып толқыны "Фукусима-1"-ге де жетті

1479

Цунамидің алып толқыны "Фукусима-1"-ге де жетті

Қуаты 7,4 балдық жойқын жер сілкінісінен кейін биіктігі 1 метр болатын цунами толқыны Жапонияның апатқа ұшыраған "Фукусима-1" атом электр стансасына дейін жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Агенттіктің Tokyo Electric Power оператор-компаниясына сілтеме жасап жазуынша, дәл осындай толқын көршілес "Фукусима-2" стансасына да жеткен. Онда штаттан тыс жағдайдың туындағаны жөнінде ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бүгін жергілікті уақытпен 05:59-да (мәскеу уақытымен сағат 23:59) Фукусима префектурасының солтүстік-батысында 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін цунами туындап, оның екпіні Фукусима префектурасына қауіп төндіруі мүмкіндігі туралы хабарланған болатын. 

Жапония Ұлттық метеорологиялық басқармасының мәлімдеуінше, апат кіндігі префектураның шығысына қарай орналасқан, ал ошағы мұхит түбінде 25 шақырым тереңдікте болды. Цунами қаупі әлі де сақталуда, толқын биіктігі 3 метрге жетуі ықтимал. Жер сілкінісінен кейін "Фукусима-2" АЭС-тің үшінші реакторында қолданылған ядролық отын бассейнін салқындату жүйесінің тоқтап қалды. Арада бір сағат өткен соң оның жұмысы қалпына келтірілді және радиацияның ағуы анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу