Дәретханадағы төбелестен кейін оқушысы қайтыс болған мектептің директоры жұмыстан қуылды

2875

Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің директоры Қанатбек Байтен қызметінен шеттетілді. 

Дәретханадағы төбелестен кейін оқушысы қайтыс болған мектептің директоры жұмыстан қуылды Фото: Qaz365.kz

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылында жоғарғы сынып оқушылары кіші сыныптың балаларын ұру салдарынан бір бала қайтыс болды.

Қайтыс болған баланың туыстарының айтуынша, мектеп аумағындағы сыртқы әжетханада 9-сынып оқушылары төмен сыныптың балаларын ұрып-соққан. Кеудесінен бірнеше соққы алған бала есінен танып, бірден жан тапсырған.

Әжетханада қайтыс болған баланы мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген. Сот-медициналық сараптамадан кейін кеуде тұсынан алған соққыдан күретамыры жарылып кеткені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу