Дәрі-дәрмек тапшылығы неге жылда қайталанады

1148

Сұраққа Atameken Business студиясына келген маман – онколог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Бақтыбай Сейітқадырұлы жауап берді.

Дәрі-дәрмек тапшылығы неге жылда қайталанады

Өткен аптада Астанадағы онкологиялық орталықтағы науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектердің жетіспей жатқандығы біраз шу шығарғаны белгілі. Елордалық клиниканың "СК Фармация" алдындағы қарызы 2,7 млрд теңгеге жеткен. Бұл соңғы 5 жылдағы жағдай. Демек, дәрі-дәрмек  жетіспеушілігі жылда қайталанады деген сөз. Науқастардың күні сол преапараттарға байланғанын ескерсек, олардың қандай күйге тап болғанын елестетудің өзі қиын.

Иә, біреулер "Үкіметке қарап отырмай өздері сатып алмай ма?" дейтін болар. Сатып алатындар да жоқ емес. Тек түрлі ауыр сырқаттарға арналған дәрілердің құны арзан емес: 50-100 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ бұл препараттарды дәріханалардан табу да оңайға түспейді.  Тегін таратылатындықтан, көп жағдайда сатылымға шығарылмайды. Мәселе осыдан туындайды. Бір қызығы дәрі-дәрмек тапшылығы жылда туындайды. Неге ? Сұраққа Atameken Business студиясына келген маман – онколог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Бақтыбай Сейітқадырұлы жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу