Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылға дейін медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өсетінін айтып берді, деп хабарлайды Atameken Business.
Үкімет отырысында еліміздің бас дәрігері аталған мәселені шешу үшін бюджеттен ақшаның да қарастырылып қойғанын еске салды. Осыған сәйкес 2023 жылы ақ халаттылардың жалақысы 2 есеге дейін өспек.
Айта кету керек пандемия кезінде қызметке жұмылдырылған барлық дәрігерлерге төлемақылар берілетіні де белгілі болды. Ол үшін бюджеттен 150 млрд теңге бөлінді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу