Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) адамзатқа үлкен қауіп төндіретін грамтеріс бактериялардың 12 түрімен күресуге бағытталған жаңа дәрі-дәрмектер жасап шығару қажет деп санайды. Бұл туралы батыстың ақпарат құралдары жазып жатыр.
"Антибиотиктерге төтеп берушілік артып барады, сол себепті бізде емдеудің тәсілдері тез таусылуда" – деп келтіреді басылым ДДҰ бас директорының көмекшісі Поль Кинидің сөзін.
"Егер бұл саланы тек нарық қана реттеп отыратын болса, онда біз зәру болып отырған жаңа антибиотиктер дер кезінде жасалмайтын болады", – деді ол.
ДДҰ-ның жарияланған баяндамасында әлемдік қауымдастық аталған салада мемлекеттік және жеке қаржыландыруды арттыру үшін бағдарлама әзірлеуге тиіс делінген.
Сонымен қатар ұйым баяндамада елдерді қауіптілік дәрежесі бойынша үш санатқа бөлінген бактерияның 12 типімен күресу үшін дәрілік заттар жасаумен айналысуға шақырды.
Бұдан біраз бұрын ДДҰ аталған аурулармен күресу үшін жаңа препараттардың жоқтығы қауіпті эпидемияларды тудыруы мүмкін екенін атап көрсеткен болатын.