Диқандар еккен егінін сақтандыру міндетінен босатылды

834

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы күшіне енді.

Диқандар еккен егінін сақтандыру міндетінен босатылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен қабылданған заң 42 заңнамалық актіге, оның ішінде Жер, Орман, Бюджеттік, Қылмыстық, Салық кодекстеріне өзгерістер енгізді. Министрліктің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бизнес үшін салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді субсидиялау қарастырылған. Бұл шаралар салаға инновациялар енгізуді жеделдетпек. Ал салаға маман даярлау саясатымен бұрынғыдай Білім және ғылым министрлігі емес, Ауыл шаруашылығы министрлігі айналысады. 

"2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстардың көлемін анықтау, оларды бөлу мен орналастыру құзіреттерін Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру жөніндегі норма өз күшіне енді. Бұл өзгерістер саладағы мамандарды дайындауда мемлекеттік тапсырысты нақты қалыптастыруға, қаржыландыру көлемін дұрыс анықтауға, сапалы кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарын әділетті түрде іріктеуге және гранттарды дұрыс бөлуге мүмкіндік береді", – делінген АШМ мәліметінде.

Сондай-ақ, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заң 6 қаңтардан бастап күшін жойды. Яғни өсімдік және мал шаруашылығында міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу басталды. Осылайша министрлік сақтандыруды субсидиялаудың орнына сақтандыру полистерін субсидиялау жүйесін енгізді. Оның үстіне фермерлерге екінші деңгейлі банктерден несиел алу барысында сақтандыру полистерін кепілдік ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді.

Ерікті сақтандырудың жаңа жүйесі электрондық платформада жұмыс істейтін болады.
Ерікті сақтандыру, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу