Елордадағы ең беделді қонақ үйлердің қатарына кіретін "Дипломатқа" талас басталды, деп хабарлайды Atameken Business.
Мейманхананың бір бөлігі 2,5 млрд теңгеге саудаланған. Оның бұрынғы иесі болса келісімге өз басы қол қоймағанын айтып, сатып алушының үстінен сотқа арызданған. Ал жаңа иегері сатып алу жөніндегі құжатқа қонақ үй иесінің сенімді адамы қол қойғандықтан сауда заңды түрде іске астқанын айтады. Бағасының арзандығына қызығып, басы дауға қалған бизнесмен уақытша тергеу изоляторына қамалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу