Доллар бағамы неге көтерілді?

1120

Ұлттық Банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Доллар бағамы неге көтерілді?

"Бұндай динамикалық құбылысқа себеп болған басты нәрсе – валютаға деген сұраныстың артуы және нарықтағы сатушылардың шектеулі болуы. Акционерлік қоғамдарда акционерлердің жалпы жиналысы өтті, біз дивиденд төлеудің басталуына байланысты долларға деген сұранысты көріп отырмыз. Импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін валюта сатып алуға сұраныс әдеттегідей сақталып отыр", – дейді Иван Сердюк.

Шетелдік валюта ұсынысының шектеулігіне қатысты: "Мамыр айының соңында экспорттаушылар пайдалы қазбаларды өндіруге салық төлеу және "үлкен салық аптасы" аталатын мерзімде экспортқа рента салығын төлеу үшін валюталық түсімді сатты. Маусым айында біз сатудың мұнша көлемін байқамадық. Сондықтан банктер барлық сатып алушы клиенттерді биржалық сауда-саттыққа жіберді, оның ішінде қарсы ағындар болмағандықтан, бұл валютаға қосымша сұраныс тудырады.

Дегенмен маусым айында орташа күндік сауда-саттық көлемі 95 млн АҚШ долларын құрады, бұл мамыр айымен салыстырғанда 18%-ға аз. Қазіргі уақытта сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,6 млрд АҚШ долларына тең. Яғни валюта нарығы тұрғысынан экономикалық белсенділік айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр", – деді.

Айтуынша, теңге динамикасы жалпы әлемдік үрдіске сәйкес келеді. АҚШ МБҚ кірістілігінің өсуі мен АҚШ долларының жаһандық деңгейде нығаюы көптеген дамушы елдердің валюталарына әсер еткен.

"Маусым айының басынан бастап дамушы нарықтардағы валюталардың динамикасы көбіне теріс болды: Бразилия реалы 10,7%-ға, түрік лирасы 5,8%-ға әлсіреді, сол сияқты, Индонезия рупийі мен Мексика песосы және Оңтүстік Африка ранды шамамен 2%-ға әлсіреді. Ал, бұл ретте J.P. Morgan дамушы елдерінің валюта индексі 2,2%-ға төмендеген еді", – дейді Иван Сердюк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу