Доллардың "дәурені" жүріп тұр

1064

Қазақстандықтар АҚШ валютасын белсенді түрде сатып алуда.   

Доллардың "дәурені" жүріп тұр

Желтоқсанда айырбастау пункттерінде сатылған доллардың нақты көлемі (сатылған сомадан сатып алынған қаржыны алғанда шыққан көрсеткіш) 378,4 млрд теңгені құрады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

"Соңғы 4 жылда сұраныс бір-ақ рет бұл көрсеткіштен жоғары болды. 2019 жылы маусымда президент сайлауы кезінде, көрсеткіш 384,2 млрд теңгеге жетті. Сол кезде ұлттық валютаның әлсірейтіні туралы қауесет тараған еді", – деп жазылған бюро таратқан хабарламада. 

2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда сату көлемі 87,6%-ға өсті. 2019 жылдың желтоқсан бері сұраныс 76,6%-ға артты.

"Желтоқсандағы жалпы сұраныстың 60%-ға жуығы республикалық маңызы бар қалалардың үлесіне тиді.  Алматыда таза сату көлемі бір айда 82,5 млрд теңгеден 109,1 млрд теңгеге дейін өсті. Нұр-Сұлтанда – 35,1 млрд теңгеден 47,5 млрд теңгеге дейін, Шымкентте – 61,2 млрд теңгеден 62,4 млрд теңгеге дейін. Сонымен қатар осы аймақтардың барлығында қараша айында сұраныстың күрт өскені байқалды", – деп жазылған хабарламада. 

Оңтүстіктегі үш облыста – Алматы мен Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкентте долларға сұраныс 2018 жылдың басынан бері ең жоғары деңгейге жеткен. Түркістан облысында 2021 жылдың қарашасында сұраныс тарихи максимумға жақындаған.
 
2021 жылы қазақстандықтар долларды сатып алуға оны сатудан түскен ақшадан 2 трлн 36 млрд теңге артық жұмсаған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 362,6 млрд теңгеге немесе 21,7%-ға артық. Орташа айлық мөлшерлеме бойынша халық осы уақыт ішінде 4,77 млрд доллар сатып алған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 731 млн долларға немесе 18,1%-ға көп.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу