ДСМ: Коронавирус жұқтырған 231 адамның жағдайы ауыр

1027

12 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

ДСМ: Коронавирус жұқтырған 231 адамның жағдайы ауыр

12 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 558 адам короновирус инфекциясынан (14 050 КВИ+ және 4 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 713 пациент стационарда, 13 845 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 231 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр, 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Айта кетсек, елімізде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бір жыл өтті. Содан бері COVID-19-ды жұқтырғандар саны 221669-ға жетті. Олардың 204782-сі ем алып, бүгінде сауыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу