Аlibaba компаниясы басшысы отставкаға кетті

1135

Ресми дерек бойынша, қытайлық кәсіпкердің байлығы қазір шамамен 41,8 млрд долларды құрайды.

Аlibaba компаниясы басшысы отставкаға кетті

Ол компанияның директорлар кеңесінің жетекшілігінен 55 жасқа толған күні кеткен. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Ресми дерек бойынша, қытайлық кәсіпкердің байлығы қазір шамамен 41,8 млрд долларды құрайды. Енді оның орнына Alibaba Group компаниясының қазіргі бас директоры тағайындалмақ. 

Джек Ма соңғы жиырма жылдың ішінде Қытайдағы ең танымал және ауқатты адамына айналды. Айта кетейік, Ма құрған компания бірнеше құрылымды басқарады. Қатарында Aliexpress интернет-дүкені, Alibaba Pictures киникомпаниясы, Alibaba Cloud Computing пен Alipay деп аталатын онлайн түрде төлем жасауға арналған платформа бар. 

Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын миллиардер жасанды интеллектінің арқасында адамдар алдағы уақытта небәрі 12 сағат жұмыс істей алатынын айтқан болатын. Маның пікірінше, келешекте аптасына 3-4 күнді, ал күніне небәрі 4 сағатты талап ететін жұмыстар пайда болмақ. Ол осы орайда алдағы 10-20 жылда мемлекеттер білім беру жүйесін реформалауға көңіл бөлу керектігін тілге етті. 

Табиғат Нұрболат
Джек Ма, қызмет, Alibaba

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу