Джон Панзер: Ұзақмерзімді табыс аяқ астынан пайда болмайды

999

Джон Панзер: Ұзақмерзімді табыс аяқ астынан пайда болмайды

Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан "Орта кірістің тұзағы": Қазақстан үшін мәселе" атты панельдік сессияда Бүкіләлемдік банк, макроэкономика және бюджеттік саясат жөніндегі жаһандық тәжірибе департаментінің директоры Джон Панзер өсім кезеңдерін сипаттайтын кітаптардағы мәліметтер бір-бірімен қабыспайтынын айтты, деп хабарлайды Аbctv.kz.

"Ұзақмерзімді өсім аяқ астынан пайда болмайды. Жауһар немесе мұнай тауып, ісіңіз өрге басуы мүмкін шығар, бірақ ұзақмерзімді табыс аяқ астынан пайда болмайды. Ол – мемлекеттік саясаттың жемісі, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен, жекеменшік сектормен бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі. Бұл жерде төрт сала бар. Өнімділік пен инновацияның ұзақмерзімді өсіміне қол жеткізу үшін осы салалар аса маңызды деп санаймыз.

Біріншіден, макроэкономикалық зерттеу бойынша, ұзақмерзімді жоспарда қуатты қабілетсіз өсімге жету мүмкін емес. Онсыз инфляцияны, дағдарысты бақылауға алып, бағаның құбылуына төтеп бере алмайсыз. Қазір біз осыдан 50 жыл бұрын байып кетуі тиіс елдердің жағдайын көріп отырмыз. Олардың макроэкономикасына қарайтын болсақ, әрбір 10 жыл сайын макроэкономикалық дағдарыстардың үш кезеңін бастан өткергенін көруге болады. Мұндай жағдайда ұзақмерзімді өсім тұрғысынан ештеңеге қол жетпейтіні анық. Екіншіден, қуатты институттар мен заңның үстемдігі, мемлекеттік басқарудың сапасы, көшбасшылықтың тиімді жүйесімен бірлесіп, жемқорлықты бақылауда ұстау ұзақмерзімді өсім үшін аса маңызды. Үшіншіден, білімге құйылған инвестиция және адам капиталы екені айдан анық. Өнімділікті жақсарту дәрежесі және техникалық инновациялар көп жағдайда жоғары білікті адам капиталының пайыздық көрсеткішіне байлаулы болады. Мен бұл жерде Латын Америкасын мысал еткім келеді. 200 жылдан бері тәуелсіз, орта кірісті елде әлемнің үздік 400 университетінің қатарына енетін бірде-бір университет жоқ. Соңғысы, төртіншісі, ресурстарды тиімді бөлу мен бейімделуге, оны жақсаруға, тиімділікті арттыруға, білім мен инновациялардың кең таралуына ұмтылуды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті нарық ашу мәселесіне басымдық берілуі тиіс. Ал өсім кезеңдерін сипаттайтын кітаптардағы мәліметтер бір-бірімен қабыспайды. Өсімге тек қана оқумен ғана емес, ізденумен және білім мен білікті тәжірибеде қолданумен ғана жетуге болады", – деді Бүкіләлемдік банк, макроэкономика және бюджеттік саясат жөніндегі жаһандық тәжірибе департаментінің директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу