Түсіндірмеге қарағанда, бастаманы Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған. Онда одақтас 5 мемлекеттің арасында алынатын азаматтардың қаржылық қауқарлығы жөніндегі жеке ақпараттар барынша құпиялықты сақтайды деп көрсетілген.
Құжатты әзірлеуші тарап бұл әсіресе 5 мемлекеттің аумағында жұмыс істейтіндерге тиімді дегенді алға тартуда. Оның үстіне, таяуда Еуразиялық экономикалық одақ территориясында еңбек ететіндер зейнетақы салымын тікелей өз еліндегі қорға жіберуге рұқсат берілген.