ЕАЭО елдері арасында ең жоғары жылдық инфляция Қазақстанда

2110

Инфляция 3,9 пайызды құрады.

ЕАЭО елдері арасында ең жоғары жылдық инфляция Қазақстанда

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жылдық инфляциясы ең жоғары мемлекет Қазақстан болып танылды. Бұл туралы одақтың ресми өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

­­Елімізде қазан айында бағалар өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға өскен. Мәселен Беларусьте – 5,3 пайыз, Ресейде – 3,8 пайыз. Қырғызстанда –2,6  және Арменияда 0,9 пайызды құраған. Сондай ақ, Қазақстанда азық-түлік қымбаттаған.

Биылғы жылдың 10 айында өсім 9,7 пайызға тең болды. Екінші орында Беларусь мемлекеті болса, үштікті Қырғызстан 4,5 пайызбен түйіндейді. Ресей – 4,2, ал Армения – 0,5 пайыз.

Азық түлік емес тауарлар бойынша да еліміз көш басында: баға 5,2 пайызға қымбаттаған. Беларусьте  – 3,4 , Ресейде – 3,2, Арменияда – 1,2 және Қырғызстанда 0,5 пайызға қымбаттаған.

Ал жалпы одақ бойынша жылдық инфляция 3,9 пайызды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу