Алматы полиция департаменті ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді Қазақстанда тіркеуге қатысты сауалдарға жауап беру үшін call-орталық ашты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"8-747-080-01-56 телефон нөмірі халықпен байланысқа арналған. Оның ішінде ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді Қазақстанда тіркеуге қатысты сауалдарға жауап беруге арналған. Бұл мәселе қазір мемлекет басшысының назарында. Бұған дейін ІІМ 1 ақпанға дейін әкелінген көліктерді уақытша тіркеу бойынша алгоритм әзірлеген. Бұл автолардың тіркеуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды болады",– деді әкімшілік полиция департаментінің басшысы Жандос Мұратәлиев.
Сall-орталық жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді.