ЕАЭО-ға жаңа елдердің кіруі Қазақстанға оң әсер етпеуі мүмкін

1216

Сауда соғыстары мен ЕАЭО жаңа мүшелердің кіруі Қазақстанның сауда саласына қауіп төндіруі мүмкін.

ЕАЭО-ға жаңа елдердің кіруі Қазақстанға оң әсер етпеуі мүмкін

Сауда соғыстары мен Еуразиялық экономикалық одаққа жаңа мүшелердің кіруі Қазақстанның сауда саласына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жайында сауда және интеграция министрлігінің 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында айтылған, деп хабарлайды Atameken Business.

Құжат авторлары әуелі сауда соғысы салдарынан Қытайдың өсу қарқыны бәсеңдей түскеніне алаңдаушылық білдіріпті. Мұның соңы Қазақстаннан жеткізілетін шикізатты тұтыну мөлшерінің азаюына әкеп соғатынын жоққа шығармайды. Оның үстіне, "Еуразиялық Альянсқа жаңа мүшелердің қосылуы қазақстандық тауарлардың тынысын тарылтуы мүмкін" дейді.

Әңгіме Өзбекстан, Молдова және Тәжікстанның кіруі туралы болып тұр. Жаңа мемлекеттермен толықса, отандық өнімдер көлеңкеде қалып, жұмыс күшінің ағыны артып кетпек.

"Сондықтан одақ құрамын кеңейту аясында отандық сауданың мүмкіндіктері мен оның салдарын айқындау маңызды", – дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу