Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында СИМ атынан келіссөз жүргізушілер ЕАЭО шеңберінде саудадағы 16 кедергіні жоюға қол жеткізгенін хабарлады.
Министр сондай-ақ, Қазақстанның кедергі сипаттары туралы өтінішті ЕЭК-да қарау мерзімін 3 айға дейін қысқартуға қол жеткізгенін айтты. Бұрын осы процесс жыл бойына созылатын.
Одан басқа, ведомство Нұр-Сұлтан қаласы сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат жүйесін енгізуге қол жеткізген.
"Енді қазақстандық экспорттаушыларға, мысалы сүт өніміне, әр экспорттық айран партиясына сертификат алып керегі жоқ. Тауардың Қазақстанда жасалғаны туралы сертификатпен жарты жылда бір рет растағаны жеткілікті" – деп түсіндірді министр.
Министрдің айтуынша, Қазақстанның мүдделері қазір елдер талқылап жатқан 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясының жобасында қамтылған.