Мысырда қаза тапқан Қазақстан азаматының денесі елге жеткізілетін болды

Кеше ғана Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің құрбысы Президенттен көмек сұраған еді. 

Мысырда қаза тапқан Қазақстан азаматының денесі елге жеткізілетін болды Фото: pro_astanu

Десе де, марқұм, Қазақстан ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова мен оның ұлы сақтандырылған болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Nomad Insurance сақтандыру компаниясы туристік оператордан қайғылы оқиға туралы ақпаратты естіген соң жедел мүрдені елге жеткізу шығындарына қаражатты аударған. Құзыретті органдардың шешіміне сай марқұмның денесі Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізу жоспарланған.

Осыған дейін Египеттің Шарм-эш-Шейх әуежайында болған оқыс оқиғадан бір ел тұрғынының қайтыс болғанын жазған едік. 

Кейіннен қаза тапқан қазақстандықтың кім екені анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу