Екі емес, бір кеншінің денесі табылды – әкімдік

529

Қарағанды ​​облысында 170 метр тереңдікте болған өрт бір кеншінің өмірін қиды, тағы төртеуі әлі табылған жоқ

Екі емес, бір кеншінің денесі табылды – әкімдік

Қарағанды облысының әкімдігі өрт шыққан шахтадан 2 емес, 1 кеншінің денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, мәйіт табылған жерге екі жақтан екі іздестіру тобы барған. Әрқайсысы өз есебін жібергендіктен, бір емес, екі мәйіт табылғаны туралы қате ақпарат тарап кеткен.

Еске сала кетейік, "Қазақстан" шахтасынан екі кеншінің мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

17 тамызда сағат 10:05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кетті. Оның төртеуі әлі іздестіріліп жатыр.

Президент "Қазақстан" шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу