Экология министрі орман шаруашылығы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады

1001

Министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр. 

Экология министрі орман шаруашылығы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін күн биыл 18 қазанға тура келіп отыр.

“Қиындығы мен сан-түрлі тәуекелдеріне қарамастан, еліміздің орман қорын сақтап, жаңғырту табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтар қандай құрметке де лайық. Себебі орман кешені - экологиялық қауіпсіздіктің кепілі”,- деп жазды ол Twitter парақшасында.

Министр қазір орманшылар статусын көтеру мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті.

“Орманшылар баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа жеткізушілер. Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр.  Жасыл табиғатты аялау - әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын”,- деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Еске салайық, орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2017 жылы ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу